Қазақстандық файтер өзбек қарсыласын жеңді

Қазақстандық файтер өзбек қарсыласын жеңді

Ташкентте өтіп жатқан OCTAGON 83 қорытынды турнирінде Қазақстан мен Өзбекстан файтерлері арасындағы кезекті кездесу өтті, деп хабарлайды Prosports.k.

Жеңіл салмақта жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Тазабек Баянов (4-0) өзбекстандық Азизхон Азимовпен (5-3) күш сынасты.

Бірінші раундтың соңында Қазақстан өкілі қылқындыру әдісімен жеңіске жетті. Бұл Баяновтың кәсіпқойлар арасындағы бесінші жеңісі.

Айта кетейік, Еуразиялық жекпе-жек лигасының 2025 жылғы қорытынды турнирінің басты жекпе-жегінде өзбекстандық нокаутер Шохасан Мирзаматов (15-4) француз Леви Карриелмен (7-4) кездеседі.

Кештің тағы бір басты жекпе-жегінде танымал қазақстандық медиа-файтер Дамир Рақымжанов (2-0) атышулы өзбекстандық файтер Одилхон Камоловқа (8-4) қарсы шығады.

OCTAGON 83 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet компаниясы

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы 

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON 83 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

OCTAGON 83 турнирінде жекпе-жек нокаутпен аяқталды

Даниэль Кормье Макгрегордың болашағын Ақ үйдегі турнирмен байланыстырды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или