Өзбек жауынгері қорытынды турнирде нокаут тіркеді
Еуразиялық жекпе-жек лигасының ұйымдастыруымен Ташкентте өтіп жатқан OCTAGON 83 қорытынды турнирінде кезекті жекпе-жек өз мәресіне жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақта қырғыз жауынгері Мұхаммед Таалайбек уулу (5-3-1) пен өзбек спортшысы Джавохир Имамов (8-5) кездесті.
Бірінші раундтың соңында өзбек жауынгері техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Бұл Имамовтың ұйымдағы алғашқы жеңісі.
Басты шайқаста өзбек жұлдызы және нокаут шебері «Хайлайт-машина» лақап атымен танымал Шохасан Мирзаматов (15-4) пен француз файтері Леви Карриел (6-4) төбелеседі.
Сондай ақ, басты кардта қазақстандық файтер Дамир Рахымжанов (2-0) пен қазақстандық аралас жекпе-жек жанкүйерлеріне танымал Еркебұлан Тоқтардың бұрынғы қарсыласы Одилхон Камолов (8-4) кездеседі.
Ташкент турнирінде тағы бір шулы жекпе-жек өтеді. Қазақстандық Бакдаулет «Сапсан» Қорғанбай (5-0-1) тәжік спортшысы Джоннибек Джабборовпен (4-1) кездеседі.
OCTAGON 83 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet компаниясы
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON 83 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
Даниэль Кормье Макгрегордың болашағын Ақ үйдегі турнирмен байланыстырды