Қазақстандық жауынгер OCTAGON 83 турнирінде өзбекті жеңді
Еуразиялық жекпе-жек лигасының ұйымдастыруымен Ташкентте өтіп жатқан OCTAGON 83 қорытынды турнирінде Ерасыл Сапар (2:1) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның қарсыласы жеңілмеген жергілікті файтер Мадрахим Джабборов (3-0) болды.
Жекпе-жек төрешілер шешіміне дейін жалғасты. Нәтижесінде жеңіс қазақстандық файтердің пайдасына шешілді. Осылайша Джабборов мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.
Басты шайқаста өзбек жұлдызы және нокаут шебері «Хайлайт-машина» лақап атымен танымал Шохасан Мирзаматов (15-4) пен француз файтері Леви Карриел (6-4) төбелеседі.
Сондай ақ, басты кардта қазақстандық файтер Дамир Рахымжанов (2-0) пен қазақстандық аралас жекпе-жек жанкүйерлеріне танымал Еркебұлан Тоқтардың бұрынғы қарсыласы Одилхон Камолов (8-4) кездеседі.
Ташкент турнирінде тағы бір шулы жекпе-жек өтеді. Қазақстандық Бакдаулет «Сапсан» Қорғанбай (5-0-1) тәжік спортшысы Джоннибек Джабборовпен (4-1) кездеседі.
OCTAGON 83 турнирінің ресми серіктесі — Chevrolet компаниясы
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON 83 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
Даниэль Кормье Макгрегордың болашағын Ақ үйдегі турнирмен байланыстырды