Күрес федерациясында бес вице-президент болады
Бүгін, 19 желтоқсан күні Астанда Қазақстан грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының 2025 жылдың қорытынды отырысы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жиында федерация басшылығы жаңа мамандармен толықққаны айтылды. Енді федерацияның вице-президенттері болып, Атланта Олимпиадасының жеңімпазы Мельниченко Юрий Васильевич пен Лондон Олимпиадасының жүлдегері Таңатаров Ақжүрек Достықұлы тағайындалды.
Сондай-ақ, бұған дейін «Қазақ күресі» қауымдастығының бас директоры ретінде қызмет атқарған Дамир Бекбосынов федерацияның бас хатшысы қызметіне кірісті. Бұдан бөлек, вице-президенттер Нұржан Қатаев, Дәурен Жабасов, Сабыржан Зайнидинов өз жұмыстарын жалғастыра береді.
Жаңадан келген вице-президенттердің қандай қызметпен айналысатыны алдағы уақытта белгілі болады.
Қазақстандық балуандардың әлемдік рейтингтегі орындары белгілі болды