Дмитрий Панарин Астанада өтіп турнирдің ширек финалына шықты

Дмитрий Панарин Астанада өтіп турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстан бадминтон құрамасының өкілі Дмитрий Панарин Астанада өтіп жатқан халықаралық турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

1/8 финалда Панарин ирандық Нима Ростампурлагалданиді сенімді түрде жеңді. Кездесу 2:0 (21:15, 21:14) есебімен аяқталды.

Енді қазақстандық спортшы жарыстың жартылай финалына шығу үшін бақ сынайды. Келесі қарсыласы — Израиль өкілі Даниил Дубовенко.

Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры 17.500 АҚШ долларын құрайды.

Қазақстандық жас спортшы әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или