Қазақстан таеквондо федерациясы жылдың үздіктерін марапаттады
Шымкент қаласынды Қазақстан таеквондо (WT)федерациясының жылды қорытындылауға арналған «Мұстафа Өзтүрік жүлдесі» шарасы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Іс-шара барысында Дүниежүзілік жазғы Универсиада, ересектер арасындағы және 21 жасқа дейінгі таеквондошылар арасындағы Әлем чемпионаттары, Азия чемпионаттары, паратаеквондо және сурдотаеквондо бағыттары бойынша жүлдегер атанған спортшылар марапатталды. Барлық номинанттарға арнайы статуэткалар мен ақшалай сыйақылар табысталды.
2025 жылғы Дүниежүзілік жазғы Универсиада (Рейн–Рур, Германия):
- Абабакиров Самирхон – жеңімпаз (ақшалай сыйақы + Changan 5x)
Жеке жаттықтырушысы – Мамаев Нұрсұлтан (ақшалай сыйақы) - Шуленов Дамир – қола жүлдегер (ақшалай сыйақы және арнайы статуэтка)
Жеке жаттықтырушысы – Райбеков Болат (ақшалай сыйақы)
2025 жылғы Әлем чемпионаты (Уси, Қытай):
- Ахмедова Нодира – қола жүлдегер (20 000 АҚШ доллары + Changan 5x)
Жаттықтырушысы – Ризаев Давранбек (2 000 000 теңге) - Құмартаева Айдана – қола жүлдегер (20 000 АҚШ доллары + Changan 5x)
Жаттықтырушысы – Жаңабаев Ерасыл(2 000 000 теңге)
21 жасқа дейінгі таеквондошылар арасындағы Әлем чемпионаты (Найроби, Кения):
- Қаблан Бейбарыс – Әлем чемпионы (20 000 АҚШ доллары + Changan 5x)
- Төлеуғали Батырхан – Әлем чемпионы (20 000 АҚШ доллары + Changan 5x)
Жаттықтырушылары – Кыстаубаев Дархан, Жарков Николай (әрқайсысына 2 000 000 теңге) - Тлеулес Тамирлан – қола жүлдегер (10 000 АҚШ доллары + Changan 5x)
Жеке бапкері – Кан Александр Владимирович (1 000 000 теңге)
Бейбарыс Қаблан жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарды
Мемлекет басшысы Токиода Кимбозанмен кездесті (фото)
Үш қала Қазақстан ашық чемпионатының қорытынды турын қабылдайды