Қазақстандық шабуылшы финляндиялық клубпен келісімшартқа отырды
Қазақстандық шабуылшы Александр Ким Финляндия чемпионатында ойнайтын «Эссят» клубының құрамында өнер көрсетеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол Пори қаласының командасымен екі жылдық келісімшартқа қол қойды. Ағымдағы маусымды 20 жастағы хоккейші Поридегі клубтың жастар командасында бастап, 27 матчта 43 (24+19) ұпай жинап, лиганың үздік сұрмергені атанды.
Өткен маусымда Астана түлегі АҚШ-та ойнап, «Бисмарк Бобкэтс» клубы сапында чемпион атанды.
20 жастағы Александр Финляндия чемпионатының жоғарғы дивизионында өнер көрсететін Қазақстан тарихындағы екінші хоккейші атанды.
Бұған дейін алғашқы болып шабуылшы Игорь Кузнецов ойнаған. Ол 1989–1991 жылдары ХПК клубының құрамында екі маусым өткізді.
Қазақстандық хоккейші Еуропа чемпионатында дебют жасады
Қазақстандық хоккейші еуропалық клубпен келісімшартқа отырды