Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингтен шығып қалды
The Ring журналы орта салмақ дәрежесіндегі боксшылардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін көш басында тұрған қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы тізімнен алынып тасталды.
«Бұрынғы №1 Жәнібек Әлімханұлы осы айда VADA ұйымының допинг тестінен өте алмаған соң рейтингтен алынып тасталды. Осыған байланысты қалған боксшылар бір сатыға жоғары көтерілді. Ал, Хесус Рамос-кіші рейтингке №10 болып тіркелді», - деп хабарлады The Ring.
Бұл шешім VADA ұйымы жүргізген допинг-тесттің теріс нәтижесіне байланысты қабылданған. Соның салдарынан рейтингтегі өзге боксшылардың барлығы бір сатыға жоғарылап, ал Хесус Рамос тізімге №10 орынмен енді.
Жәнібек Әлімханұлының спорттағы тағдыры 8 қаңтар күні белгілі болады. Дәл осы күні В допинг-сынамасының нәтижесі жарияланады. Бұл туралы Қазақстан кәсіпқой бокс федерациясының президенті Рахымжан Ерденбеков мәлімдеді.
Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына байланысты тергеу жұмыстары басталды
Жәнібек Әлімханұлының қанынан допинг табылды
Жәнібек Әлімханұлының орнына Лараға қарсы кім шығады?
Бокс сарапшысы Жәнібек Әлімханұлы қандай жаза алуы мүмкін екенін айтты
Жәнібектің допинг қабылдамағанына сенімдіміз — Туризм және спорт вице-министрі