«Елімай» клубы жаңа маусымды Астанада өткізеді
Қазақстан футбол федерациясының турнирлерді ұйымдастыру жөніндегі директоры Бақытжан Пазылхайыр Семейлік «Елімай» клубы 2026 жылғы ҚПЛ маусымының алғашқы матчтарын Астана стадионында өткізетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
— Маусымның басында «Елімай» Астанада ойнайды, кейін команда өз алаңына оралады. Қазіргі уақытта «Елімай» стадионын еврокубоктарға — Конференциялар Лигасына дайындау қажет. Клуб жоспарына стадионды жөндеу жұмыстары да кіреді, — деді федерация өкілі.
Айта кетейік, өткен ҚПЛ маусымының қорытындысы бойынша «Елімай» турнирлік кестеде төртінші орын алған және тарихында алғаш рет 2026/2027 жылғы Конференциялар Лигасы іріктеу кезеңінде ойнайды. Бұған дейін Абай облысының әкімі Берік Уали Семейде жаңа футбол стадионының құрылысын жақын арада бастау жоспарланып отырғанын мәлімдеген.
«Ордабасы» легионері Хорватияға кетті