«Астана» командасы WASL лигасындағы екінші жеңісіне қол жеткізді

«Астана» командасы WASL лигасындағы екінші жеңісіне қол жеткізді

Баскетболдан «Астана» командасы кезекті жарқын жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Азияның WASL лигасы аясында елордалық «Велотрек» аренасында өткен матчта қазақстандық клуб сириялық «Аль Вахда» командасын ірі есеппен тізе бүктірді — 88:64.

Осы нәтижеден кейін «Астана» «А» тобының турнирлік кестесінде екінші орынға жайғасты. Келесі кездесу 15 қаңтарда өтеді. Елордалық ұжым өз алаңында ирандық «Шахрдари Горган» командасын қабылдайды.

Айта кетейік, бұл — «Астана» үшін WASL аясындағы үшінші маусым. 2023 жылы команда қола жүлдеге қол жеткізсе, өткен маусымда топтық кезеңнен өте алмады. Ал биылғы маусымда елордалық клуб Ресейдің ВТБ Бірыңғай лигасына қатысудан үзіліс алып, бар күшін Азия аренасындағы ойындарға бағыттап отыр.

«Астана» алғашқы ойында «Тобылды» жеңді

Қазақстан гандболдан әлем чемпионатындағы төртінші ойынында жеңіліп қалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или