Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогі кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижесі қандай

Фристайл-акробатикадан Еуропа кубогі кезеңі: Қазақстан құрамасының нәтижесі қандай

Фристайл-акробатикадан Қазақстанның ерлер құрамасы Финляндияның Рука қаласындағы Еуропа кубогы кезеңіндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарыстың екінші күні ел намысын үш спортшымыз қорғады. Нәтижесінде Роман Погосян 11-орынға ие болды. Максим Попов жарысты 16-орында аяқтаса, Әмірлан Кәрімбаев 17-орыннан көрінді.

ҚР ҰОК мәліметінше, жеңіс канадалық Габриэль Дионға бұйырды. Екінші орынды Канада өкілі Эллиот Премье иеленді. Ал қола жүлдені Швейцария спортшысы Андрин Лабер жеңіп алды.




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или