Қазақстан мен Өзбекстан файтерлері кездесетін OCTAGON 83 турнирінің тікелей трансляциясы
19 желтоқсанда Өзбекстан астанасында Еуразиялық жекпе-жек лигасының жоғары деңгейлі 2025 жылдағы соңғы OCTAGON 83 турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Басты шайқаста өзбек жұлдызы және нокаут шебері «Хайлайт-машина» лақап атымен танымал Шохасан Мирзаматов (15-4) пен француз файтері Леви Карриел (6-4) төбелеседі.
Сондай ақ, басты кардта қазақстандық файтер Дамир Рахымжанов (2-0) пен қазақстандық аралас жекпе-жек жанкүйерлеріне танымал Еркебұлан Тоқтардың бұрынғы қарсыласы Одилхон Камолов (8-4) кездеседі.
Ташкент турнирінде тағы бір шулы жекпе-жек өтеді. Қазақстандық Бакдаулет «Сапсан» Қорғанбай (5-0-1) тәжік спортшысы Джоннибек Джабборовпен (4-1) кездеседі.
Турнир Қазақстан уақыты бойынша 18:00-де басталады. Тікелей эфирді OCTAGON TV ютуб-арнасынан көруге болады.
OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы
Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі
OCTAGON 83 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
Ресейлік файтер UFC-ден қуылды
Даниэль Кормье Макгрегордың болашағын Ақ үйдегі турнирмен байланыстырды