«Қайрат» Финляндия құрамасының тағы бір ойыншысын қатарына қосуы мүмкін
«Қайрат» Сорокиннің орнына финляндиялық қорғаушыны шақыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.
18 желтоқсанда ресейлік қорғаушы Егор Сорокиннің Алматыдағы «Қайраттан» кететіні жарияланды.
Mash спорт дереккөзінің хабарлауынша, қазақстандық клуб басшылығы КуПС қорғаушысы Самули Миеттиненмен келісімшартқа отыруды қарастырып жатыр. 21 жастағы футболшының фин клубымен келісімшарты осы жылдың соңында аяқталады, бұл «Қайратқа» оның трансферін еркін агент ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.
Биылғы маусымда Миеттинен КуПС жейдесінде барлық жарыстарда 35 матч өткізіп, екі гол соқты. Қорғаушы сонымен қатар Финляндияның 21 жасқа дейінгі құрамасының мүшесі.
Айта кету керек, 15 желтоқсанда «Қайрат» Миеттиненнің командаласы және отандасы, финляндиялық жартылай қорғаушы Яакко Оксаненмен келісімшартқа отырған болатын.
«Ордабасы» легионері Хорватияға кетті