Бразилиялық шабуылшы екі рет «Реалға» ауысудан бас тартқан

Бразилиялық шабуылшы екі рет «Реалға» ауысудан бас тартқан

Бразилиялық футболшы Роберто Фирмино екі рет «Реалға» ауысудан бас тартқан, деп хабарлайды Prosports.k.

«Реал» қызығушылық танытты. Бірақ бірнеше фактор әсер етті. Оның үстіне жалғыз нұсқа болмады.

Кейінірек «Әл-Ахли» де ұсыныс жасады және біраз ойлануға тура келді. Дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын.

«Реалға» ауысудан екі рет бас тарттым. Біріншісі «Ливерпульді»таңдаған кезде болды, ал екіншісі Сауд Арабиясына кеткен кезім», – деді шабуылшы.

Бобби «Ливерпульге» 2015 жылы ауысса, «Әл-Ахли» қатарына 2023 жылы қосылған еді. Ал қазір «Әл-Сад» сапында өнер көрсетіп жүр.

Globe Soccer Awards 2025: әлемнің үздік ойыншысы кім болады?

Англия лигасы кубогы: жартылай финалдың жеребесі тартылды

«Барселона» футболшысын өлтіріп кетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или