«Барыс» Мәскеуде сенсация жасап, «Динамоны» жеңді

«Барыс» Мәскеуде сенсация жасап, «Динамоны» жеңді

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасы аясында сырт айдында мәскеулік «Динамомен» кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ресейлік клуб бұл матчқа қатарынан жеті жеңіспен келіп, айқын фаворит саналатын.

Астанадан барған қонақтар сенімді түрде жеңіске жетті. Екінші кезең қорытындысы бойынша есеп тең болғанымен, үшінші кезеңнің басында «Барыс» екі шайба соғып, кездесудің тағдырын шешті. «Динамо» есеп айырмасын қысқартқанымен, бұдан артыққа шамасы келмеді.

Осылайша, «Барыс» сырт айдындағы матчты 4:2 есебімен жеңіспен аяқтады.

21 желтоқсанда «Барыс» өз айдынында «Сочиді» қабылдайды.

Қазіргі таңда «Барыстың» еншісінде 34 ұпай бар және Шығыс конференциясының турнир кестесінде сегізінші орында тұр. «Динамо» 48 ұпаймен Батыс конференциясында төртінші сатыда орналасқан.

«Динамо» (Мәскеу, Ресей) — «Барыс» (Астана, Қазақстан) 2:4 (0:0, 1:1, 1:3)

Шайбалар:

1:0 — 27:58 Пыленков (Гусев, Сикьюра)
1:1 — 30:29 Шайхмедденов (Қайыржан, Савицкий)
1:2 — 40:48 Симонов (Логвин)
1:3 — 42:22 Маккошен (Морелли, Веккьоне)
1:4 — 52:54 Қайыржан (Өмірбеков, Савицкий)
2:4 — 55:23 Гусев (Пыленков)

Қақпашылар: Моторыгин — Шутов

«Торпедо» Қазақстан тұрақты чемпионаты матчында «Номадтан» басым түсті

Қазақстан тұрақты чемпионаты: «Ертіс» «Ақтөбені» жеңді

«Барыс» «Динамоға» қарсы матчқа қатысатын құрамын атады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или