ҚФФ шетелдік мамандармен келіссөздер туралы ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстан футбол федерациясы ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне шетелдік мамандармен келіссөздер жүргізіліп жатқаны туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазіргі уақытта Қазақстан футбол федерациясы шетелдік бапкерлермен ешқандай келіссөз жүргізіп жатқан жоқ», – деді ҚФФ бас хатшысы Давид Лория.
Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Қазақстан құрамасын шетелдік маман басқаруы мүмкін деген мәлімет тараған еді. Ықтимал үміткерлер қатарында Руй Жорже, Крис Коулман және Михал Пробежтің есімдері аталды.
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының бас бапкері міндетін Талғат Байсуфинов атқарып отыр. Оның жетекшілігімен команда ӘЧ-2026 іріктеуінің күзгі циклінде Солтүстік Македония және Бельгия құрамаларымен тең ойнап, Лихтенштейнді жеңді.
Қайрат Нұрдәулетов «Жетісуға» қайта оралды