Самат Смақов «Ертістің» бас бапкері болады
«Жетісудың» бұрынғы бас бапкері Самат Смақов павлодарлық «Ертістің» тізгінін ұстайды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі журналист Эльдар Аманбаевқа сілтеме жасап.
«Ертіс» ФК бойынша жаңарту: Самат Смақов - бас бапкер, Александр Седнев - бас бапкердің ассистенті», - деп жазды журналист өзінің Telegram-арнасында.
Бұған дейін павлодарлық клубты Седневтің өзі тізгіндейді деген ақпарат тараған еді, алайда соңында бас бапкер қызметін Самат Смақовқа сеніп тапсыру туралы шешім қабылданған.
Өткен Қазақстан Премьер-лигасы маусымында Смақовтың жаттықтыруымен «Жетісу» 21 ұпай жинап, турнир кестесінде 12-орынмен шектелген еді.
Александр Седнев өткен маусымда Бресттің «Динамосын» жаттықтырды. Ол қазақстандық футболға жақсы таныс: бұған дейін «Ордабасыны» жаттықтырып, 2023 жылы Қазақстан чемпионы атанды және 2022 жылы ел Кубогын жеңіп алды. Оның алдында «Ақтөбеде» жұмыс істеген.
Айта кетейік, Бірінші лиганың өткен маусымының қорытындысы бойынша павлодарлық «Ертіс» ҚПЛ-ға жолдама алған болатын.
Қайрат Нұрдәулетов «Жетісуға» қайта оралды