Ерсұлтан Қалдыбеков «Қайсар» сапында қалды

Ерсұлтан Қалдыбеков «Қайсар» сапында қалды

Қызылордалық «Қайсар» Ерсұлтан Қалдыбековпен келісімшартын ұзартты, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі клуб баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ерсұлтанмен келісімшарт ұзартылды. Қазақстан ұлттық құрамасына кандидат футболшымыз Ерсұлтан Қалдыбековпен 2 жылдық келісімшарт жасалды. Ерсұлтан алдағы 2 маусымда «Қайсардың» намысын қорғап, клубтың алға қойған мақсатын жүзеге асыру үшін тер төгетін болады», - деп жазды қызылордалық клубтың баспасөз қызметі.

23 жастағы жартылай қорғаушы 2025 жылдың жазында «Атыраудан» ауысып, «Қайсардың» ойыншысы атанған. Қызылордалық клубтағы дебют маусымында Премьер-лигада сегіз матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті. «Қайсар» чемпионатты 22 ұпаймен 11-орында аяқтады. 

Қазақстанның жастар құрамасы сапында Қалдыбеков 12 матч өткізіп, бір гол соқты, сондай-ақ бірнеше рет негізгі ұлттық құраманың кеңейтілген тізіміне енді.

«Қайсар» жеті футболшымен қоштасты

Қазақстан Премьер-лигасындағы ең қымбат футболшы анықталды

«Қайсар» алғашқы оқу-жаттығу жиынына қатысатын құрамын жариялады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или