Қуат Хамитов Арман Царукянмен көз арбасты
Қазақстандық файтер Қуат Хамитов армениялық Арман Царукянмен көз арбасу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Хамитов пен Царукян Мәскеуде (Ресей) өткен ACBJJ 20 грэпплинг турнирінде стердаун ұйымдастырды.
Еске сала кетейік, Арман Царукян UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде бірінші орында тұр және қазіргі таңда ММА-дегі рекорды 23-3. Соңғы жекпе-жегінде Царукян жаңазеландиялық Дэн Хукерді (24-13) сабмишнмен жеңген еді. Қуат Хамитов соңғы рет аралас жекпе-жек ережелері бойынша қазанда жекпе-жек өткізіп, ресейлік Анатолий Бойконы (12-5) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен ұтты. Хамитовтың рекорды — 27-8-2.
OCTAGON 83 турнирінде Қазақстан мен Өзбекстан файтерлері қайта жолығады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или