Мемлекет басшысы Токиода Кимбозанмен кездесті (фото)
Токиода президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпқой сумошы Ерсін Балтағұлмен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.
️"Мемлекет басшысы Жапонияда білім алып, он жылдан бері ірі халықаралық жарыстарда көш басынан көрініп жүрген Ерсін Балтағұлды қазақстандықтар мақтан тұтатынын атап өтті. ️
Сонымен қатар бүгін Император Нарухитомен кездесуде балуанның жетістіктері туралы әңгіме қозғалғанын айтты", - делінген Ақорда хабарламасында.

Қазақстандық спортшының лақап аты – Кимбозан. Бұл – атақты бапкер әрі төл сумо мектебінің негізін қалаушы, ояката Кисенің туған жері Кумамото префектурасындағы таудың атауы.
Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды
Үш қала Қазақстан ашық чемпионатының қорытынды турын қабылдайды
ХОК 2028 жылғы олимпиада ойындарына іріктеудің алғашқы ережелер жиынтығын бекітті