The Game Awards 2025-ті 170 миллионнан аса адам тамашалады
The Game Awards 2025 марапаттау рәсімі көрілім саны бойынша жаңа рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы шоудың ұйымдастырушысы әрі жүргізушісі Джефф Кили әлеуметтік желіде мәлімдеді. Оның айтуынша, тікелей эфирді әлем бойынша 171 миллионнан астам көрермен көрген.
Бұл көрсеткіш 2024 жылғы нәтижеден 11 пайызға жоғары. Ол кезде марапаттау рәсімін 151 миллион адам тамашалаған болатын. Есепке тек ресми платформалардағы толық тікелей эфирлер ғана алынған. Қысқа видеолар, хайлайттар және Prime Video сервисіндегі көрсетілім статистикаға кірмеген.
The Game Awards 2025 бір мезетте бірнеше платформада көрсетілді. Атап айтқанда, YouTube, Twitch, Steam, TikTok, X және Kick сервистерінде тікелей эфир жүргізілді. Streamcharts дерегіне сүйенсек, ең жоғары сәтте бір уақытта 4,4 миллион көрермен онлайн болған. Бұл да өткен жылмен салыстырғанда жоғары көрсеткіш.