Қазақстандық үш жас теннисші Аустралия ашық чемпионатында бақ сынайды
Мельбурн қаласында 24 қаңтар - 1 ақпан аралығында жасөспірімдер арасында өтетін Аустралия ашық чемпионатына қатысушылар тізімі жарияланды.
Жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде 24-орында тұрған Заңғар Нұрланұлы Аустралия чемпионатында 10-ракетка болып тіркелген.
Сондай-ақ жасөспірімдер арасында әлемнің 60-ракеткасы Дамир Жалғасбай және рейтингіде 94-сатыдағы Даниэль Тазабеков өнер көрсетеді.
Заңғар, Дамир және Даниэль өткен жылы командалық әлем чемпионаты - жасөспірімдер арасында Дэвис кубогінің финалдық кезеңінде ел намысын қорғаған еді.
Онда әлемнің төрт дүркін чемпионы Францияны жеңіп, 5-орынға табан тіреген болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или