Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) 2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша өз санаттарындағы ең үздік турнирлерді атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
WTA нұсқасы бойынша «Жыл турнирі» атағын алған жарыстар мыналар болды: WTA-1000 санатында — АҚШ-та өтетін Цинциннати турнирі, WTA-500 деңгейінде — Чарльстон, ал WTA-250 санатында — Гонконг турнирі үздік деп танылды.
Айта кетейік, Чарльстондағы жарыс өз санатында төртінші жыл қатарынан жеңімпаз атанып отыр. Гонконг турнирі бұл атақты екінші рет иеленсе, Цинциннати «мыңдық» турнирлер арасында алғаш рет үздік деп танылды.
2025 жылы Цинциннатидегі WTA-1000 турнирінің чемпионы польшалық Ига Швёнтек болды. Чарльстонда америкалық Джессика Пегула жеңіске жетсе, Гонконгтағы жарыста канадалық Виктория Мбоко топ жарды.
ITF 2025 жылдың әлем чемпиондарын атады
Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирдің ширек финалына шықты
Қазақстандық теннисші Үндістандағы жарыста қарсыласын ойсырата ұтты