2025 жылдың үздік футболшысы атағына үміткерлер белгілі болды
2025 жылғы әлемнің үздік футболшысы атағына үміткер финалистер жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Globe Soccer Awards ұйымы Х әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді.
Жылдың үздік ойыншысы атағына үміткерлер тізіміне Усман Дембеле («Пари Сен-Жермен»), Килиан Мбаппе («Реал» Мадрид), Рафинья («Барселона»), Витинья («Пари Сен-Жермен») және Ламин Ямаль («Барселона») енді.
Globe Soccer Awards — жыл сайын өтетін беделді марапаттау рәсімі. Онда жыл қорытындысы бойынша футбол әлемінде ерекше көзге түскен тұлғалар анықталады. Жеңімпаздар дауыс беру арқылы таңдалады, ал марапаттау рәсімі 28 желтоқсанда Дубай қаласында өтеді.
Англия лигасы кубогы: жартылай финалдың жеребесі тартылды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или