Синнер мен Соболенко ITF сыйлығын тағы да жеңіп алды

Синнер мен Соболенко ITF сыйлығын тағы да жеңіп алды


Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 2025 жылғы әлем чемпиондары сыйлығының иегерлерін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл марапат жекелей және жұптық разрядтарда, сондай-ақ жасөспірімдер арасында және арбамен ойнайтын теннисшілерге табысталды.

2025 жылғы ITF әлем чемпиондары атанғандар: ерлер арасындағы жекелей сында — италиялық Янник Синнер, әйелдер жекелей сынында — Беларусь өкілі Арина Соболенко. Ерлер жұбында — Марсель Гранольерс пен Орасио Себальос, әйелдер жұбында — Сара Эррани мен Жасмин Паолини үздік деп танылды.

Жасөспірімдер арасында ерлерден — болгариялық Иван Иванов, қыздардан — америкалық Кристина Пеникова марапат алды. Арбамен ойнайтын теннисте жапониялық Юи Камидзи мен Токито Ода, сондай-ақ нидерландылық Нилс Винк үздік шықты.

Айта кетейік, Арина Соболенко мен Янник Синнер бұл сыйлықты мансабында екінші рет жеңіп отыр. Соболенко 2023 жылы да лауреат атанған, ал Синнер Новак Джоковичтен кейін бұл марапатты екі жыл қатарынан алған алғашқы теннисші болды.

Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Үндістандағы жарыста қарсыласын ойсырата ұтты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или