UWW рейтингінде қазақ балуандары бірінші орынға іліге алмады
Біріккен күрес әлемі 2025 жылдың рейтинг қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үздіктер қатарына 16 ел өкілдері кірген. Қорытынды нәтижеде Жапония мен АҚШ-тың 4 балуаны, Өзбекстаннан — 3, Ресей мен Грузиядан — 2, Қырғызстанның 1 балуаны бар.
Қазақстан бірде-бір салмақ көрсеткішінде топ басынан көрінген жоқ. Мәселен, биыл әлем жеңімпазы атанған Айдос Сұлтанғалидің салмағында өзбекстандық Элишер Ганиев үздік атанса, Ризабек Айтмұхан белдесетін 97 келі салмақта америкалық Кайл Снайдер көш бастап тұр.
Айта кетелік, рейтинг үздіктері тізіміне ілінген балуандарға UWW тарапынан теңгеге шаққанда 3,2 млн теңге сыйақы беріледі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или