Англия лигасы кубогы: жартылай финалдың жеребесі тартылды
2025/26 жылғы Англия лигасы кубогының жартылай финалына жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Англия лигасы кубогының жартылай финалдық кездесулері:
«Челси» — «Арсенал» - «Кристал Пэлас»;
«Ньюкасл Юнайтед» — «Манчестер Сити»
Жартылай финалдың алғашқы ойындары 12 қаңтар аптасында, ал қарымта ойындар 2 ақпан аптасында өтеді.
Соңғы жартылай финалшы 23 желтоқсан, сейсенбі күні «Арсенал» мен «Кристал Пэлас» арасындағы матчта анықталады. Командалар Англияның Лондон қаласындағы «Эмирейтс» стадионында ойнайды.
«Ньюкасл Юнайтед» - Англия лигасы кубогының қазіргі чемпионы. Команда финалда «Ливерпульді» 2-1 есебімен жеңді.
Елена Рыбакина жылдың үздік теннисшісі жүлдесін ала алмады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или