«Қайсар» жеті футболшымен қоштасты

«Қайсар» жеті футболшымен қоштасты

Қызылордалық «Қайсар» футбол клубы маусымаралық үзілісте жеті ойыншымен қоштасады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қақпашы Александр Мокин, қорғаушылар Никита Губарев пен Карам Сұлтанов, жартылай қорғаушы Дидар Жалмұқан және шабуылшылар Айбар Жақсылықов, Ерсұлтан Төреқұл және Марлен Айманов командадан кетті.

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Жақсылықов өткен маусымда ҚПЛ-да сегіз гол соғып, екі нәтижелі пас берген. Ол енді семейлік «Елімайда» өнер көрсетеді. Ал жастар құрамасының ойыншысы Губарев петропавлдық «Қызылжарға» ауысады.

Сондай-ақ клубта бас бапкер ауысты. Ресейлік Виктор Кумыковтың орнына қазақстандық маман Андрей Ферапонтовты тағайындады.

Қайрат Нұрдәулетов «Жетісуға» қайта оралды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или