«Барселона» футболшысын өлтіріп кетті
Эквадорлық «Барселона» клубының 33 жастағы қорғаушысы Марио Пинейда қайтыс болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Чемпионат-қа сілтеме жасап.
Футболшыға әлдекімдер шабуыл жасаған. Шабуылдан ойыншының әйелі де қаза тауып, анасын жараланғаны хабарланды.
Пинейда бұған дейін өзіне қауіп төнгенін айтып, арнайы қорғауды сұраған болатын.
Эквадор футболы ойыншыларға шабуыл жасаудың нағыз эпидемиясын бастан кешіріп жатыр, Пинейданың өлімі осыған ұқсас төртінші оқиға болып отыр.
«Барселона» - Либертадорес кубогына қатысатын жергілікті үздік клубтардың бірі.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или