Үш қала Қазақстан ашық чемпионатының қорытынды турын қабылдайды
19–21 желтоқсан аралығында үстел теннисінен Қазақстанның ашық командалық чемпионатының шешуші турының матчтары өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Ойындар Астана, Алматы және Павлодар қалаларында ұйымдастырылады. Нәтижесінде 2, 3, 4, 5 және 6-лигалардағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Қазіргі таңда лигалардағы көшбасшылар төмендегідей:
2-лига, Павлодар
1-орын — Қарағанды-2
2-орын — Қарағанды-3
3-орын — «Сұңқар» (Шымкент)
3-лига, Павлодар
1-орын — ШҚО-1 (Өскемен)
2-орын — SaryArka (Астана)
3-орын — Deaf (Қостанай)
4-лига, Астана
1-орын — Түркістан
2-орын — Almaty (Алматы)
3-орын — Altay Pro-2 (Өскемен)
5-лига, Астана
1-орын — Қостанай
2-орын — Stiga (Алматы)
3-орын — Shymkent (Шымкент)
6-лига, Алматы
1-орын — «CNPC Ақтөбемұнайгаз»
2-орын — ШҚО-2 (Өскемен)
3-орын — «Яссы» (Түркістан)