Қазақстандық төреші УЕФА-ның бірінші санатын алды

Қазақстандық төреші УЕФА-ның бірінші санатын алды

Қазақстан футбол федерациясы отандық төреші Татьяна Сорокопудова әйелдер арасындағы УЕФА төрешілерінің бірінші санатына көтерілгенін хабарлайды, деп жазады Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Бұл шешім Татьяна Сорокопудованың кәсіби деңгейінің өскенін көрсетеді және оның көп жылдық еңбегі, жүйелі дамуы мен ұлттық әрі халықаралық деңгейдегі тұрақты жұмысының нәтижесі саналады. УЕФА-ның бірінші санатына көтерілуі – оның жеке жетістіктерінің мойындалуы ғана емес, сонымен қатар Қазақстандағы төрешілік жүйенің біртіндеп дамып келе жатқанын және әйелдер арасындағы төрешіліктің халықаралық аренадағы позициясы нығайып отырғанын айқындайды.

Осыған дейін Татьяна Сорокопудова УЕФА аясындағы халықаралық матчтарды басқарып, сондай-ақ ел ішіндегі жарыстарда тұрақты түрде төрешілік етіп келді. Оның халықаралық ойындарға тағайындалуы дайындық деңгейінің жоғары екенін және еуропалық төрешілік талаптарына толық сай екенін көрсетеді.

Қазақстандық арбитрдің УЕФА-ның бірінші санатына көтерілуі – елдегі төрешілер корпусының дамуындағы маңызды кезең. Бұл жетістік, сонымен қатар, әйелдер футболындағы төрешілерді жүйелі түрде дайындау мен қолдаудың нақты нәтижесін айқындайды.

Қазақстан футбол федерациясы Татьяна Сорокопудованы осы жетістігімен құттықтап, халықаралық деңгейде алдағы жұмысына сәттілік тілейді.

Қайрат Нұрдәулетов «Жетісуға» қайта оралды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или