Олимпиада чемпионы: Ресейдің әйелдер мәнерлеп сырғанауы тоқырауға ұшырады
Олимпиада чемпионы Алексей Ягудин әйелдер мәнерлеп сырғанауының қазіргі жағдайына қатаң баға берді, деп хабарлайды Prosports.kz. Оның айтуынша, әлемдік төңкеріс жасаған ұлттық спортта тоқыраумен қатар кері кету белгілері де байқалады.
Халықаралық жарыстардан шеттету спортшылардың даму қарқынын бәсеңдетіп, ішкі бәсекенің әлсіреуіне алып келген.
«Бізді халықаралық жарыстардан шеттетудің салдары айға таңба басқандай айқын көрінді. Әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда кері кету (стагнация) белгілері бар. Тіпті қазіргі күйін тоқырау кезеңіне балауға болады. Бұл өз кезегінде тек ел ішіндегі емес, әлемдік мәнерлеп сырғанаудағы бәсекелестікті құрдымға ұшыратып жатыр» деді Ягудин «Каток» гала шоуында.
Айта кетелік, бұған дейін Ресей спортшыларының әлемдік дода да бақ сынауына тиым салынған. Оның ішінде мәнерлеп сырғанаушылар да бар.