Украина спортшыларына ресейлік қарсыластарынан қашық болуды міндеттеді
Украина Ұлттық Олимпиада комитеті спортшыларына ресейліктермен бірге жарыстарға қатысуға рұқсат беретінін мәлімдеді. Алайда арнайы тиымдарды бұзбау талап етілді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Украина арнайы комиссия арқылы жарысқа қатысу ережелерін бекітті: украиндық спортшылар ресейлік қарсыластарымен қол алыспауы, ортақ суретке түспеуі тиіс. Бұл шешімнің бас мақсаты – халықаралық жарыстардан шет қалмау және ұлттық спорт мектептерін сақтау.
«Біз қараптан-қарап, қаншама жасөспірімдерімізді жоғалтып, спорт мектептерінің деңгейін түсіріп алдық. Көп бала ата-анасымен бірге шет ел асып кетті. Неде болса жарыстарға қатысуымыз қажеттігін түсінуіміз керек»,- деді ҰОК басшысы Вадим Гутцайт.
Айта кетейік, бұған дейін Ресей спортшыларына халықаралық аренада бірқатар шектеулер енгізілген.