Қырғызстандық футболшы Минск «Динамосының» назарына ілікті
Қырғызстандық жартылай қорғаушы Гулжігіт Алыкулов минскілік «Динамо» клубының қатарына алынуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл туралы ресейлік инсайдер Сергей Ильев мәлім етті.
Бұрын белорусьтік «Неманда» жасыл алаңға шыққан Алыкулов соңғы маусымын Мәскеудің «Торпедо» клубында өткізді. Ол бұл құрамада жүріп 8 матчқа қатысты һәм 1 гол соқты. Ал «Неман» сапында екі маусым ішінде 74 матч өткізіп, 16 гол мен 14 нәтижелі пасты тіркеді.
Айта кетелік, Гүлжігіт қазақстандық «Қайрат» қатарында да бақ сынаған болатын.
«Челсидің» экс-ойыншысы «Реалдың» жанкүйерлерін сынады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или