Левандовски 2026 жылы «Барселонадан» кетуі мүмкін

Левандовски 2026 жылы «Барселонадан» кетуі мүмкін


«Барселонаның» шабуылшысы Роберт Левандовски 2026 жылы клуб ауыстыру нұсқасын қарастырып жүр, деп хабарлайды Prosports.kz. Журналист Низаар Кинселланың мәліметінше, 37 жастағы поляк шабуылшысына МЛС-та өнер көрсететін «Чикаго Файр» қызығушылық танытып отыр.

Аталған клуб өкілдері Левандовскимен алдын ала келіссөздер жүргізіп үлгерген және тараптар арасындағы әңгіме оң өткен. Футболшының өзі де АҚШ чемпионатына ауысу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Айта кетейік, америкалық тарап ойыншының қаржылық талаптарын орындауға дайын.

Бұған дейін Левандовскиге Сауд Арабиясы клубтары да қызығушылық танытқаны айтылған еді. Алайда қазіргі таңда ең нақты нұсқа ретінде МЛС бағыты қарастырылып отыр.

Осы маусымда Роберт Левандовски «Барселона» сапында 17 матч өткізіп, сегіз гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Оның каталондық клубпен келісімшарты маусым соңына дейін жарамды.

ФИФА 2026 жылғы әлем чемпионаты билеттерінің бағасын айтарлықтай түсірді

«Челсидің» экс-ойыншысы «Реалдың» жанкүйерлерін сынады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или