Жасөспірімдер Олимпиадасына жаңа спорт түрі қосылды
Халықаралық Олимпиада комитеті 2028 жылы өтетін жасөспірімдер қысқы Олимпиадасының бағдарламасынан мәнерлеп сырғанаудағы спорттық жұптар сайысын алып тастап, оның орнына синхронды сырғанауды қосты, деп хабарлайды Prosports.kz.
ХОК атқарушы комитетінің шешімімен Италияда өтетін Жасөспірімдер Олимпиадасы–2028 бағдарламасынан 15 спорт түрі қысқартылып, 8 жаңа түр енгізілді. Сол өзгерістер аясында спорттық жұптар жарысы алынып тасталды. Оның орнына алғаш рет синхронды сырғанауға жол берілді.
Синхронды сырғанау Олимпиада бағдарламасына бұрын-соңды кірмеген. Бұл спорт түрі бойынша әлем чемпионаттарын 2000 жылдан бері Халықаралық коньки тебу одағы өткізіп келеді.
Айта кетейік, дәл осы спорт түрінен Ресейдің Парадиз кұрамасы үш мәрте әлем чемпионы атанған.
Биатлоннан IBU кубогына қатысатын спортшылар анықталды
Биатлоннан әлем кубогы кезеңі: қазақстандықтар эстафетада қалай өнер көрсетті
Қазақстандық конькимен жүгіруші әлем кубогы кезеңінде үздік алтылыққа енді