Еуразиялық бой лигасының OCTAGON 83 қорытынды турнирінде кезекті қазақстандық өзбекстандық қарсыластықтың қатысушылары белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz. Турнир 19 желтоқсанда Ташкент қаласында өтеді.
Кештің басты жекпе жектерінің бірінде танымал өзбек файтері Бобур Абдулазизиов пен қазақстандық Кирилл Карпейкин октагонда кездеседі. Абдулазизиовтің рекорды 23 жеңіс пен 11 жеңіліс болса, Карпейкиннің еншісінде 2 жеңіс пен 2 жеңіліс бар.
Өзбекстандық ММА ардагері бұған дейін қазақстандық танымал актер әрі файтер Еркебулан Тоқтармен жекпе жек өткізгісі келетінін айтқан болатын. Еркебулан Тоқтар BMF белбеуінің иегері саналады.