Нұралы Әліп FIFA The Best премиясында кімге дауыс берді
16 желтоқсанда FIFA The Best сыйлығының табыстау рәсімі өтіп, 2025 жылдың үздік бас бапкері анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұл дауыс беруге барлық ұлттық құрамалардың футболшылары мен бас бапкерлері қатысты.
Қазақстан құрамасының капитаны ретінде өз таңдауын Нұралы Әліп жасады. Қазір «Зенит» сапында ойнап жүрген қорғаушы дауыс беру құқығын пайдаланды.
Әліп өз тізімінде бірінші орынға «ПСЖ» командасының бас бапкері Луис Энрикені қойды. Екінші орынға «Барселонаны» жаттықтыратын Ханс Дитер Флик лайық деп санаса, үздік үштікті «Арсеналдың» бас бапкері Микель Артетамен түйіндеді.
Айта кетейік, дауыс беру қорытындысы бойынша FIFA The Best жүлдесін дәл осы Луис Энрике жеңіп алды.
ҚПЛ клубы африкалық футболшымен қоштасты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или