Кормье: Макгрегор Ақ үйдегі UFC-де шықпаса, мансабы бітті деуге болады

Кормье: Макгрегор Ақ үйдегі UFC-де шықпаса, мансабы бітті деуге болады


UFC-дің екі салмақтағы бұрынғы чемпионы әрі Даңқ залының мүшесі Даниэль Кормье ирландиялық Конор Макгрегордың Ақ үйде өтуі мүмкін UFC турниріне қатысуы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz. Оның айтуынша, бұл турнир Макгрегордың ММА-дегі болашағы үшін шешуші мәнге ие.

Кормье Конор аталған кардқа енбесе, оның мансабы іс жүзінде аяқталады деп есептейді. Ол бұл жарыс Макгрегор қатысқан жағдайда ғана UFC тарихындағы ең ауқымды турнирге айналатынын атап өтті.

Кормьенің сөзінше, кард онсыз да мықты әрі қызықты болуы мүмкін, алайда оны шынымен ерекше деңгейге шығаратын тек Макгрегордың қатысуы. Айта кетейік, бұл турнир келесі жылдың жаз айларында өтуі жоспарланып отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или