Ресейлік файтер Борщевтің UFC-дегі жолы аяқталды
Жеңіл салмақта өнер көрсететін ресейлік файтер Вячеслав Борщев UFC промоушенінің ресми ростерінен шығарылды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ол UFC ұйымына 2021 жылдың қазан айында Dana White's Contender Series турнирінде Крис Дунканды нокаутпен жеңгеннен кейін қосылған еді.
Соңғы уақытта 33 жастағы спортшының мансабы сәтсіз өрбіді. 2025 жылы ол қатарынан үш жекпе-жекте жеңіліс тапты.
Борщевтің соңғы айқасы қараша айының ортасында өткен UFC 322 турнирінде болды. Ол кездесуде Матеус Камилодан төрешілердің бірауызды шешімімен жеңілді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или