Александр Ким Финляндияның элиталы лигасында ойнаған екінші қазақстандық атанды

Александр Ким Финляндияның элиталы лигасында ойнаған екінші қазақстандық атанды


20 жастағы қазақстандық шабуылшы Александр Ким Финляндия чемпионатының ең жоғарғы дивизионы саналатын Лиигада ойнаған екінші қазақстандық хоккейші атанды, деп хабарлайды Prosports.kz. Бұған дейін бұл лигада Қазақстан атынан тек Игорь Кузнецов қана өнер көрсеткен.

Игорь Кузнецов 1989 жылдан 1991 жылға дейін ХПК клубының сапында екі маусым ойнаған. 1989–1990 жылғы маусымда ол 44 матчта 69 ұпай жинап, лиганың екінші үздік сұрмергені атанған еді.

Еске салайық, 16 желтоқсанда «Эссят» клубы Александр Киммен екі жылдық келісімшарт жасағаны белгілі болды. Ол маусымды клубтың жастар командасында бастап, 27 матчта 43 ұпай жинап, лиганың ең нәтижелі ойыншысы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или