ӘЧ-2026: ФИФА кейбір билеттерді 60 долларға сатпақ

ӘЧ-2026: ФИФА кейбір билеттерді 60 долларға сатпақ


Халықаралық футбол федерациясы 2026 жылғы әлем чемпионаты матчтарына арналған кейбір билеттердің бағасын бірнеше есе төмендетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұған дейін Еуропа футбол жанкүйерлері қауымдастығы ФИФА-дан ұлттық қауымдастықтарға бөлінген билеттердің сатылымын тоқтатуды талап еткен еді, себебі баға тым қымбат болған.

Осы жағдайдан кейін ФИФА әр матчқа белгіленген 60 долларлық жаңа билеттер топтамасын шығарды. Бұл билеттер турнирге қатысатын ұлттық қауымдастықтарға таратылып, кейін жанкүйерлерге сатылатын болады.

Ақпаратқа сәйкес, әр елге бөлінетін осындай арзан билеттердің саны жалпы квотаның шамамен 10 пайызына тең. Соның арқасында жанкүйерлер турнир финалына да 60 долларға билет алу мүмкіндігіне ие болады. Бұған дейін финал ойынының билеті 4185 долларға дейін бағаланған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или