Лизбет Овальенің соққысы жылдың ең үздік голы деп танылды

Лизбет Овальенің соққысы жылдың ең үздік голы деп танылды


Сейсенбі, 16 желтоқсанда Қатардың Доха қаласында The Best FIFA Football Awards салтанатты рәсімі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Марапаттау кешінде 2025 жылғы әйелдер футболындағы ең үздік голдың иегері белгілі болды. Бұл атақ Мексика құрамасының ойыншысы Лизбет Овальеге бұйырды. Қазір ол «Орландо Прайд» клубының намысын қорғайды.

Овалье жүлдеге наурыз айында соққан ерекше голының арқасында ие болды. Ол кезде футболшы «Тигрес» сапында өнер көрсетіп жүрген. Шабуылшы допты «скорпион» стиліндегі әсерлі соққымен қақпаға тоғытып, жанкүйерлер мен мамандарды таңғалдырған еді.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или