Аңыз боксшы Теренс Кроуфорд мансабын аяқтады

Аңыз боксшы Теренс Кроуфорд мансабын аяқтады


Бокстан бұрынғы абсолют чемпион, америкалық Теренс Кроуфорд кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазір Кроуфорд 38 жаста. Ол жартылай орта, бірінші орта және екінші орта салмақ дәрежелерінде абсолют чемпион атанып, тарихта өз орнын қалдырды. Кәсіби рингте 42 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті, оның 31-ін нокаутпен аяқтады. Осылайша Теренс мансабын жеңіліссіз аяқтап отыр.

Боксшы әлеуметтік желідегі жазбасында бұл шешімін түсіндірді. Айтуынша, өзіне дәлелдейтін ештеңе қалмаған. Ол спорттан шаршағандықтан емес, керісінше, өз шарттарымен кетуді таңдаған. Кроуфорд бұл қоштасу емес, бір кезеңнің аяқталып, екіншісінің басталуы екенін атап өтті.

Айта кетейік, желтоқсан айында Теренс Кроуфорд екінші орта салмақтағы WBC белдігін чемпиондық жарнаны төлемегені үшін жоғалтқан еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или