Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисшілер Түркиядағы турнирдің ширек финалына шықты

Қазақстандықтар Асылжан Арыстанбеков мен Іңкәр Дүйсебай жұптық сында Анталия (Түркия) ITF W15 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жарыстың 4-ракеткалары болып тіркелген қазақстандық жұп бастапқы кездесуінде украиналық апалы-сіңлілі Серафима — София Васильеваны 6:0, 6:0 есебімен тас-талқан етіп ұтты.

А.Арыстанбекова — І.Дүйсебай жартылай финалға шығу үшін мажарстандық Мелинда Биро — аустриялық Клаудиа Гаспаровичпен таласады.

Тағы бір қазақстандық дуэт Амира Қазтуған — Яна Ким алғашқы айналымда түркиялықтар Минел Наз Кайнак — Зейнеп Полатқа жол берді — 2:6, 0:6.

Жекелей сында іріктеу сайыстарында алты қазақстандық теннисшінің арасынан А.Арыстанбекова ғана финалдық бәсекеге дейін жетті. Бірақ іріктеудің финалында ол марокколық Айе Эль Ауниге есе жіберді — 2:6, 1:6. Соған қарамастан, қазақстандық теннисші негізгі жарысқа жолдама алды. Онда бастапқы айналымда жапониялық Нанари Катсумимен шеберлік таластырады.


Елена Рыбакина жылдың үздік теннисшісі жүлдесін ала алмады

ҚТФ Елена Рыбакинаның азаматтығына қатысты пікір білдірді

Ресейлік жас теннисші Өзбекстан намысын қорғайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или