Қазақстандық хоккейші еуропалық клубпен келісімшартқа отырды
Қазақстандық хоккейші Александр Ким келесі маусымның соңына дейін финляндиялық «Эссьят» клубымен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қазақстандық шабуылшы қазіргі уақытта 43 ұпаймен (24 гол және 19 пас) U-20 SM-Series ұпайлары мен мергендік кестесінде көш бастап тұр. Қараша айында Ким U-20 SM-Series айының үздік ойыншысы атанды.
2019 жылы, небәрі 13 жасында, Ким анасымен бірге Қазақстаннан Пориге көшті. Ол «Эссьят» ұйымында айтарлықтай жақсарғанына сенеді және болашақта осында дамуын жалғастыра алады деп сенеді», - деп жазды клуб Instagram парақшасында.
«Барыс» ҚХЛ-да сенсациялық нәтижеге қол жеткізді
Жасөспірімдер арасындағы 2028 жылғы әлем чемпионаты қайда өтетінін жарияланды
Қазақстан чемпионаты: рудныйлық «Горняк» «Алматыдан» басым түсті