«Өзім жанып кеттім». Қазақ боксшысы Дусматовтан жеңілуінің себебін түсіндірді

«Өзім жанып кеттім». Қазақ боксшысы Дусматовтан жеңілуінің себебін түсіндірді

Бокстан 2013 жылғы әлем чемпионы Біржан Жақыпов осыдан 9 жыл бұрын Рио Олимпиадасында өзбекстандық Хасанбой Дусматовқа есе жіберген. Кейін өзбек боксшысы чемпион атанып, Вэл Баркер кубогына қол жеткізген. Қазақ боксшысы сол жолғы жеңілісін еске түсірді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

«Өзім жанып кеттім. Дусматовпен сабырсыз бокстастым. Тезірек ұтамын деп қателікке бой алдырдым. Бапкерлердің ақылын тыңдамадым. Бұл – басты қателігім. Үшінші Олимпиадаға дейін жүйкенің де шаршағаны рас», - дейді Біржан Жақыпов.

– Көпшілік сіздің Риоға барғаныңызға ренжіді…

– Теміртас Жүсіпов екінші нөмірлі боксшы еді, ол Азия чемпионатында Дусматовтан ұтылды. Ол кезде Азияда жеңілгендер әлем чемпионатына бармайтын ереже бар еді. Ал мен жолдаманы АРВ турнирі арқылы алдым. Негізі үшінші Олимпиада ойындарына барамын деген ой болған жоқ. Тек әлем чемпионатында кеткен есені қайтарсам деп жүрдім. 2013 жылы Алматыда чемпион атандым, ал 2014 жылы Азия ойындарында жүлде бұйырып, екінші орын алдық.

2015 жылы АРВ деген турнир болды, негізінен қаражатпен қызықтырды. Бірақ ойламаған жерден финалға шығып, лицензия ұтып алдым.

Біреудің жолын байлады деген сөз орынсыз. Егер мені жеңсе, сол кезде айту керек еді.


Әлем чемпионаты: Қай елдің боксшылары көбірек табыс тапты?

Видео. Сабуров әлемнің үздік боксшыларының бірімен бірге жаттықты

Сабыржан Аққалықов әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или