ҚПЛ клубы африкалық футболшымен қоштасты
«Қызылжар» ивуарлық жартылай қорғаушы Майкл Кахоның командадан кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Майкл Кахо келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Қызылжар» футбол клубымен қоштасады.
Біз Майклға кәсіби мансабында сәттілік тілейміз», - деп жазды команда Instagram парақшасында.
18 жастағы африкалық футболшы Петропавл клубына осы жылдың ақпан айының соңында қосылды. Өткен маусымда ол «Қызылжар» сапында ҚПЛ-да екі матчта небәрі 36 минут ойнады. Transfermarkt ивуарлық ойыншының құнын 25 000 еуро деп бағалайды.
Айта кету керек, өткен маусымда ҚПЛ «Қызылжар» 27 ұпай жинап, турнир кестесінде 9-шы орын алды.
Станислав Черчесов қазақстандық футболшының есімін шатастырып алғанын айтты
«Барселона» ойыншысы рекорд жаңартты
«Астананың» бұрынғы бапкері Қазақстан чемпионатына оралуы мүмкін