Финляндиялық бапкер «Қайраттың» жаңа ойыншысы туралы: Яакко Оксаненнің деңгейін бұдан жоғары
«Шахтер» мен Қазақстан жастар құрамасының бұрынғы бас бапкері Юха Малинен ASnews.kz сайтына берген сұхбатында финляндиялық жартылай қорғаушы Яакко Оксаненнің «Қайратқа» ауысуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Ол U-19 және U-21 құрамаларында менің қарамағымда ойнаған. Шынымды айтсам, мен таңғалдым. Ол бұдан да жоғары деңгейде ойнауға қауқарлы еді», — деді Малинен.
67 жастағы финляндиялық маман Юха Малинен қарағандылық «Шахтерді» 2007 жылдың қаңтарынан тамыз айына дейін басқарды, кейін Қазақстан жастар құрамасын (U-21) аз уақыт жаттықтырып, сол жылдың қазан айында қызметінен кетті.
Айта кетейік, Малинен 2017-2022 жылдар аралығында Финляндияның U-21 жастар құрамасын да басқарды.
Ресми: Яакко Оксанен «Қайрат» ойыншысы атанды
«Жеңіс» бразилиялық ойыншымен келісімшарт мерзімін ұзартты
«Қайрат» жастары Чемпиондар лигасындағы алғашқы жеңісін тойлады