Асу Алмабаевтың жаңартылған рейтингтегі орны белгілі болды
UFC-дің жеңіл салмақтағы жаңартылған рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев өзгеріссіз жетінші орында қалды. Еске салсақ, оның келесі жекпе-жегі Брэндон Мореноға қарсы 28 ақпанда Мексикада өтеді.

Жоғарғы бөлікте өзгерістер болды: жаңа чемпион АҚШ/Мьянма өкілі Джошуа Ван атанды, ал оған сенсациялық түрде жеңілген бұрынғы чемпион, бразилиялық Алешандре Пантожа бірінші орынға көтерілді. Екінші орынға анголалық Манель Капе көтеріліп, төрт сатыны арттырды. Үшінші орында жапондық Тацуро Тайра тұр.
Бұрынғы екінші орын иесі Брэндон Ройвал төртінші орынға түсті. Брэндон Морено мен Амир Альбази әрқайсысы бір сатыға төмендеді, сәйкесінше бесінші және алтыншы орынға жайғасты.
Шавкат Рахмоновтың UFC жаңартылған рейтингіндегі орны белгілі болды
Әліби Ыдырыс UFC-дегі дебюттік жекпе-жегіне дайын екенін мәлімдеді